Kyzylorda-news.kz. Биыл Тәуелсіздігімізге – 32 жыл. Яғни, үш он жылдықты артта қалдырдық деген сөз. Осы уақытта Шиелі өңірі Қазақстанның ең дамыған индустриялық аймақтарының біріне айналуға барын салуда. Өйткені, мұнда осы бірнеше зауыт ашылып, ел игілігіне жұмыс істеуде.

Таяуда ғана Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов аудандағы өндіріс орындарын аралады, арнайы кездесу өткізді.

Ең алдымен «КНК КЕМИКАЛ» ЖШС құбыр зауытына аялдады. Зауыттың жұмыс барысымен жіті танысып, құбыр өндірісін тікелей көзбен көрді. Содан соң зауыт жұмыс¬шыларының ұсыныс пікірлері тыңдалды.  

Айта кетейік, кәсіпорын бүгінгі кү¬ні диаметрі 195х14,5 мм-лік полиэтилендік пластмасса құбырла¬рын көптеп шығаруды қолға алды. Сонымен қатар сүзгілік қабілетті КДФ 118 құбырларын¬ың бірнеше түрін тапсырысқа сай дайындап береді. Кәсіпорын бүгінгі таңда 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Одан кейін аудан әкімі Иіркөл кеніші жұмысшыларымен кездесті. Аудан басшысы Нұржан Сәбитұлы «Семізбай-U» ЖШС Иіркөл кеніші жұмысшыларымен дөңгелек үстел басында бас қосып, ауданды, кент орталығын көркейту бағытындағы ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ, кәсіпорын жұмысымен танысып, өндіріс орнын аралады.

Дәл бүгін – қиясында қыран қалқып, саясында сәйгүлігі жер тарпып, киесінен киік үріккен киелі өлке Шиелінің аты асқақтайтыны анық.

Тағы да оқыңыз: