Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзышылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен арнайы мәжіліс өтті.

Мәжіліске Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев, аудан әкімі Нұржан Ахатов, аудан прокуроры Нұрбек Қаратаев, сот төрағасы Нұржан Бекетаев, мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Жағыпбаров және аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен сала ардагерлері, БАҚ өкілдері қатысты. 

Жиын барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы Беркімбаев Дәулет Сүлейменұлының «Шиелі аудандық полиция бөлімінің 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы» есебі тыңдалып, аудан көлеміндегі проблемалық мәселелер талқыланды.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Аманқұлұлы полиция бөлімінің бастығының есебіне қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салғаннан кейін аудан әкімі Нұржан Ахатовқа және аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Жағыпбаров пен қоғамдық кеңес төрағасы Қабілеш Бекішовке "Қазақстан полициясына - 30 жыл» төсбелгісін табыстады.

Сонымен қатар Жалағаш ауданында да қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзышылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен арнайы мәжіліс өтті.

Маңызды мәселелер талқыланған жиынға Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев, аудан әкімі Асқарбек Есжанов, аудан прокуроры Шыңғыс Есжанов, аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Құрманбаева, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен кент, ауылдық округ әкімдері, сала ардагерлері қатысты.

Жиын барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғат Лекеровтың Жалағаш аудандық полиция бөлімінің 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Облыстық полиция департаментінің бастығы Мұхтар Аманқұлұлы полиция бөлімінің бастығының есебіне қатысты ұсыныс-пікірлері мен нақты тапсырмаларын ортаға салды. Сондай-ақ аудан көлеміндегі мәселелер талқыланып, шешу жолдары айтылды.

310981760_1410641849466270_2057475059455896643_n.jpg

310821827_1552423978543008_8707081303889938909_n.jpg

Тағы да оқыңыз: