Kyzylorda-news.kz. Биыл Шиелі ауданында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдің 205 азаматы анықталды. Оның үшеуі Өзбекстан Республикасының азаматтары. Заңға сәйкес, олар ел аумағынан аластатылды.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, өңірдегі заңсыз көші-қон арнасын анықтап, алдын алу және оларды ұйымдастырушыларды табу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау мақсатында арнайы топ құрылған.

Әлемдегі өзге де мемлекеттер үшін дамудың ең маңызды проблемаларының бірі – ішкі көші-қон мәселесі. Сырттан халық ағылған сайын, елдегі тұрақтылық пен дамуға қауіп-қатерлер туындайды. Соңғы жылдары Қазақстанда ішкі миграциялық мәселер жиі орын алды. Сол үшін сала мамандары аудан тұрғындарын және шетелдік қонақтарды еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын қатаң ұстануға шақырып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуді сұрайды.

Мысал үшін айта кетейік, өткен жылы Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 5000-нан астам адам жауапкершілікке тартылған. Оның 867-сі елден шығарылған. Шетелдіктерді шақырған және олардың елде болу ережелерін қамтамасыз етпегені үшін 1 мың адам айыппұл төлеген. Сәйкесінше, қосымша секторлар ашылған. Шетелдіктерді қабылдаушылар 3 күн ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті. Әйтпегенде әкімшілік жазаға тартылады.

Тағы да оқыңыз: