Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын аралап, құрылыс сапасы мен жұмыс қарқынын бақылады.
Қазіргі таңда кенттегі Ж.Таспанбетова, А.Құнанбаев, С.Кәрімбаев, Б.Тоқбаулин, Б.Оразов және А.Иманов көшелерінде күрделі жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мердігері – «Әлем Транс Жол» ЖШС.
Шиелі ауданының әкімі аралау барысында мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстап, барлық жұмыстарды белгіленген талаптар мен бекітілген мерзімге сәйкес аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар жол құрылысы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Жол инфрақұрылымын жаңғырту - тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Осыған байланысты аудан басшысы әрбір жобаның сапалы әрі уақытылы орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
