Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде болып, болашақ маман иелерімен жүздесті. Колледждегі оқу кабинеттері мен шеберханаларды аралап, білім ордасының оқу процесімен танысты.
Сонымен қатар, колледждегі әдістемелік орталық пен өлкетану мұражайын тамашалап, жұмыстарымен танысты.
Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі болашақ мамандарды жоғарғы деңгейдегі білім сапасымен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының бәсекеге қабілеттілігін көтеру басты мақсаттарының бірі. Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатуда. Сондықтан болар бұл оқу орын қоғам сұранысын өтеп, өндіріс орындарына 9 түрлі мамандық бойынша мамандар дайындауда.
Сонымен қатар, колледж қызметкерлері мен студенттерді аудан әкімінің орынбасарына пікір алмасып, сұрақтарын қойды.