Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмат Алдабергеновтың төрағалығымен бюджеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маратжан Жұмаділ күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат берді.
Отырыс қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

