Kyzylorda-news.kz. Өзбекстан Республикасының Наманган қаласында 8-11 қыркүйек күндері аралығында өткен ересектер арасындағы белбеу күресіне қатысушы Жандос Әбубәкіров әлем чемпионы атанды.
Жандос Шәкенұлы 57 келі салмақта бақ сынасқан болатын.
Чемпионды жерлестері Қазақстан темір жолының Шиелі филиалында салтанатты түрде қарсы алды.
Туған жеріне оралған чемпион Жандос Әбубәкіров бапкеріне, жерлестеріне ризашылығын білдіріп, Шиеліден данқты спортшылар шығуына тілектес болып, алдағы уақытта бұдан да зор жетістіктерге ұмтылатынын жеткізді.
Сонымен қатар белбеу күресінен әлем чемпионын аудан әкімі Нұржан Ахатов қабылдады.
Әлем біріншілігінде көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелеткен Жандосты аудан әкімі жеңісімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттап, ыстық ықыласын білдірді.
Өз кезегінде Жандос Әбубәкіров та аудан әкіміне алғысын айтып, алдағы уақытта бұдан да зор жетістіктерге ұмтылатынын жеткізді.
Айта кетейік, Жандос Әбубәкіров белбеу күресі бойынша Қызылорда облысынан шыққан тұнғыш әлем чемпионы. Ол осы уақытқа дейін ересектер және жастар арасында Қазақстан біріншілігінің чемпионы, белбеу күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.



