Kyzylorda-news.kz. Аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков бірқатар шаруа қожалықтарды аралап, көктемгі егіс науқанына дайындықтарын пысықтады.

Күздік бидай егістігін аралап, оған қоса, егін егу жұмыстарына қажетті каналдарды тазалау барысын бақылады.

Биылғы жылы жүргізілетін жаңа зерттеулер және дәнді дақылдың жаңа түрлерін өсіру жайлы ойларымен бөлісті.

«Ақмая» шаруа қожалығына өткен күзде клейковинасы жоғары бидайдың қатты сорты егілген болатын. Осыған орай, тәжірибе жақсы нәтиже көрсетіп, сапалы өнім алынған жағдайда аймақ тұрғындарына жеткілікті ұн өнімдерімен біртіндеп қамтамасыз етуге жол ашылмақ.

Тағы да оқыңыз: