Kyzylorda-news.kz. Жаңашылдыққа жаны құмар, танымдық білімдерін арттыруға ниетті жастарға арналған «Елбасы медалінің» қола жүлдегерлері анықталды.

Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен дарынды балалар мен жастарды кешенді қолдауға арналған «Ел үміті» жобасы аясында «Елбасы» жүлдесінің иегерлері атанған оқушылар марапатталды.

«Елбасы медалі» бағдарламасы еліміздегі ұлттық деңгейде өткізіліп отырған жалғыз бағдарлама. Бағдарлама негізі 7 бағыттан тұрады. Атап айтар болсақ, кітап оқу, спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, волонтерлік, ұлттық мұра. 14 пен 18 жас аралығындағы жастар қатысатын бұл бағдарлама олардың өз уақытын тиімді әрі дұрыс басқаруына септігін тигізеді, әрі салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі даму үстінде болуға баулиды.

Шиелі ауданы бойынша үлкен еңбектің арқасында нәтижеге қол жеткізген 8 оқушы жүлделі қола иегері атанды.

Жиын соңында жүлделі орын иеленген оқушылар арнайы медаль, сондай-ақ төс белгімен марапатталып, гүл шоқтарын алды.

Айта кетейік, үздіктердің қатарында көрінген 62 қызылордалық оқушы «Елбасы медалін» иеленді.

Тағы да оқыңыз: