maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында екі күндік түнгі рейд жұмыстары кезінде 12 автокөлік айып тұрағына жеткізіліп, иелеріне хаттамалар толтырылды.

Қызылорда облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша Шиелі ауданы көлемінде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 9-10 қыркүйек күндері түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Аталған шара аудан әкімінің және аудан прокурорының орынбасарлары Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелдінің бастамасымен облыстық полиция департаментінің арнайы жасағы, Шиелі аудандық полиция бөлімі, патрульді полиция ротасы және ауданға көршілес орналасқан Жаңақорған ауданының полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлесуімен өтті.

Барлығы 12 жылжымалы мобильді топтан жасақталған автоэкипаждармен 9 қыркүйек күні атқарылған жұмыстарының нәтижесінде 86 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде автокөлікті құжатсыз басқарғаны үшін 12 автокөлік айып тұрағына жеткізіліп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендері үшін 7 азамат уақытша бейімдеу орталығына жатқызылды.

Тағы да оқыңыз: