Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында жалпы халықтың аз қамтылған бөлігіне қайырымдылық, қамқорлық шараларын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік қолдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Ахатов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
Аудан әкімінің айтуынша, есепті кезеңде 4293 отбасына 40 млн. теңгеге қайырымдылық көмектер жасалынған. Биылғы жылдың басынан бері демеушілер тарапынан аудан бойынша тұрмысы төмен, аз қамтылған 1 141 отбасына 16 млн. 357 мың 200 теңгеге азық-түлік себеттері таратылып берілген.
Сонымен қатар, демеушілер есебінен 2 отбасына 1 тоннадан көмір, әрқайсысына 30,0 мың теңге қаржы жұмсалып, 63 азаматқа 1 млн. 492 мың теңге қаржылай көмек және бөлімнен қызмет алатын 135 мүмкіндігі шектеулі балаларға 602 мың теңге мөлшерінде Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді.
«1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай 1150 балаға 4 млн. 275 мың теңгеге сый-құрмет көрсетілді. Кент орталығында Август-Рашт сауда орны жаңадан ашылып, дүкен иесі 10 отбасының балаларына 250 мың теңгеге киім-кешек алып берді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ету бағытында «Гежуба Шиелі Цемент » ЖШС-ның цемент заводы тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қозғалысын қамтамасыз ету үшін Инватакси сыйға берілді», – деді Нұржан Ахатов.

