Шиеліде ауыл жастарының шығармашылығын қолдауға, ұлттық өнер мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Ауыл Vibe, Retro Night» жобасы жалғасын тапты.

Апта сайын ұйымдастырылып келе жатқан мәдени жоба ауылдық округтердің өнерпаз жастарына өз таланттарын танытып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік беріп келеді.

Кезекті шараға аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов қатысып, өнерпаздар мен көрермендерге ізгі тілегін білдірді. Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары мұндай мәдени жобалардың жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырумен қатар, ауылдық округтер арасындағы шығармашылық байланысты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бұл жолғы байқауға Жөлек және Бәйтерек ауылдық округтерінің өнерпаздары сахна төріне шығып, арнайы дайындаған шығармашылық бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынды. Қатысушылар туған жердің тарихы мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерді түрлі қойылымдар арқылы насихаттап, ән мен жыр, би және өзге де өнер түрлерін көрерменге тарту етті.

Кеш барысында ретро әндер шырқалып, заманауи музыкалық композициялар мен түрлі шығармашылық нөмірлер орындалды. Әсіресе, өткен дәуірдің танымал әндерінің жаңа форматта орындалуы көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

FB_IMG_1788142469529.jpg

Тағы да оқыңыз: