Kyzylorda-news.kz Ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін облысымызда 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылған болатын. Нәтижесінде Шиелі ауданында 2023 жылы 548,1 млн.теңгені қамтитын - 75 жоба, 2024 жылы 211,4 млн.теңгені қамтитын - 29 жоба 2025 жылы 208,6 млн.теңгені қамтитын - 31 жоба қаржыландырылды.
ЖК «Жылыжай» Исабеков Мұрат Убайдуллаевич бағдарлама аясында 4,5 млн.теңге несие қаражатын алып, бүгінгі күні жылыжай өндрісімен айналысуда. Кәсіпкер қазіргі таңда қияр өнімдерін жылыжайда өсіріп, жергілікті кәсіпкерлерге сатуда.
Сонымен қатар ЖК «Сая» Медетбек Мәлік Болатұлыда бағдарлама аясында 7 млн.теңге несие қаражатын алып, жылыжай өндірісі кәсібін бастаған болатын. Кәсіпкер гидропоника әдісімен құлпынай өнімін өсіріп көруді қолға алуда.
ЖК «Табиғат» Жузимов Табиғат бағдарлама аясында 9,2 млн.теңге несие қаражатын алып, бүгінгі күні құрылысқа арналған қабырға блоктарын өнідіруде. Қазіргі таңда кәсіпкер тәулігіне 2000-2500 дана қабырға блоктарын өндіруді қолға алуда.
Сондай-ақ, ауданда бағдарлама аясында ЖК «HOONEYMOOD-Балдай» тамақ өнеркәсібі бойынша Жансая Имантаева 7 млн.теңге несие қаражатын алып, қазіргі таңда күніне 300 кг тәтті өнімдер шығаруда.
Фото: Ауылшаруашылығы министрлігі