Kyzylorda-news.kz. Бүгін Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов Жуантөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауылды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында аудан басшысы елді мекенде алдағы уақытқа ауқымды жол жөндеу жұмыстары жоспарланғандығын айтып, ауыл әкіміне тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, қазіргі таңда орталық көшеде жүріп жатқан жаяу жүргіншілер жолы құрылысының сапасына ел болып, халық болып бақылау жасау керектігін баса айтты.

Тағы да оқыңыз: