Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков «AMANAT» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, кезектілік тәртібімен азаматтардың өтініш-тілектеріне назар аударды. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, жер мәселесі, тұрақты жұмысқа орналасу секілді түрлі әлеуметтік сипаттағы өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында нақты түсініктеме беріп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Жұмыс сұраған азаматтарға аудандағы кәсіпкерлік нысандар мен мекемелердегі бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, қоғамдық жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері қарастырылып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Тұрғын үй мәселесі бойынша тиісті санаттарға сәйкес кезекпен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны түсіндірілді. Қабылдауда көтерілген мәселелердің шешілуі үшін сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, заң талаптарына сәйкес нақты шешімдер қабылданатын болады.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына egov.kz порталы, e-otinish базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша түрде өтініш беру арқылы жазылуға болады.
