maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов «8 қараша – Статистика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі» қарсаңында сала мамандары мен ардагерлерін әкімдік ғимаратының мәжіліс залында қабылдады.

Жиында аудан әкімі өзінің алғашқы еңбек жолы дәл осы салада бастау алғанын айтып, статистика саласының қаншалықты жауапты, қиыншылыққа толы сала екендігін өзі де жақсы білетінін атап өтті.

Содан соң аудан әкімі сала ардагерлері Нажемедин Балтабайқызы, Қуандық Өтеш, Ануза Қойшыбаеваға, сондай-ақ Шиелі аудандық статистика бөлімінің басшысы Алтынкүл Қожамжарова мен Әйгерім Төлегенова, Зағипа Жұматқызы, Інжу Спанова, Снежанна Зотова сынды бірқатар бөлім қызметкерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, Еліміздегі атаулы күннің тарихы 1920 жылғы 8 қарашадан басталады. Қазақ АКСР үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтанған статистика жүйесінің бастауы болған «ҚазАКСР-дегі мемлекеттік статистика туралы ережені» қабылдағандықтан, осы күннің еліміздің статистика саласы үшін тарихи дата ретінде өзіндік орыны бар. 

Ал 8 қараша күні ‐ «Статистика саласы» мамандарының кәсіби мерекесі ретінде 2011 жылы қазан айының соңында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес белгіленген болатын.

Шиели.jpg

Тағы да оқыңыз: