Kyzylorda-news.kz  Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар адамдарға баса назар аударуды, олар үшін тең мүмкіндіктер жасауды тапсырған болатын.

Осыған орай, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков "Тең қоғам" орталығында ерекше қажеттілігі бар тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жиын барысында ерекше жандар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, аудан әкімі жауапты бөлім басшыларымен бірге өзекті мәселелердің шешу жолын қарастырды.

Кездесу барысында ерекше жандар ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға алғыс білдіріп, орталыққа арнайы келген аудан басшысына ризашылықтарын жеткізді.

Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: