Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов «Тең қоғам» орталығына барып, ерекше жандармен тағы бір мәрте кездесті.
Жиын барысында ерекше жандар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, аудан әкімі жауапты бөлім басшыларымен бірге күрмеуі қиын мәселелердің шешу жолын қарастырды.
Атап айтқанда, кездесуде медицина, әлеуметтік көмек, тұрғын үй секілді бірнеше сала бойынша сауалдар қойылды.
Айта кетейік, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары аудандық музей жұмысымен танысты.
Аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов Шиелі аудандық тарихи-этнографиялық мұражайының жұмысымен танысып, қызметкерлерімен тілдесті.
Кездесу барысында музей қызметкерлері тарихи-этнографиялық музейдің тарихына тоқталып, ондағы экспонаттар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов орталық алаңда кент тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында Алмат Алдабергенов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Мұнан соң, тұрғындар өз сауалдарын қойып, аудан әкімінің орынбасары тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп атқарылатындығын жеткізді. Айтылған ұсыныстарға байланысты жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.