Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Шара барысында аудан әкімі Нұржан Ахатов туған жері мен елін, ауыл-аймағын өркендетуге үлес қосып, қамқорлық танытып жүрген, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаған жомарт жүректі жандарды, меценаттарды марапаттады.

«Сауда көлік Компаниясы-Шиелі» ЖШС директоры Досмағанбетов Даурен Досмағанбетұлы — «Жыл меценаты» номинациясымен, «Жер жомарт Д» ЖШС директоры Ермаханов Асхат Өтепбергенұлы — «Туған өлке» номинациясымен, «Бидайкөл» шаруа қожалығының төрағасы Байдалиев Талғат Жылқайдарұлы — «Жыл тұлғасы» номинациясымен, «Шиелі ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны — «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен, «№6 Кент басқармасы» жауапкершілік шектеулі серіктестігі — «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясымен марапатталды.

Сонымен бірге Республикалық «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығына белсене қатысқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Олардың қатарында Батталов Мұрат Бекмұханбетұлы – «Үміт» шаруа қожалығының төрағасы, Мырзаев Үсен Нұрахметұлы – «Нұрасыл» шаруа қожалығының төрағасы, Машрапин Ерболат Жылқайдарұлы — «БЕТА-К» ЖШС директоры бар.

«Жомарт жүрек» байқауы аудан кәсіпкерлерін қайырымды істерге, ауданның даму жолында аянбай тер төгуге жетелейді деген сенімдеміз.

Тағы да оқыңыз: