Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының тұрғыны Қайрат Досымбеков 20 жылдан астам жиһаз өндірісімен айналысып келеді. Кәсіпкер өз ісін сандық, терезе, есік, ағаш оюларын жасаудан бастаған. 1995 жылға дейін ағаш өңдеумен айналысып, содан кейін бағытын өзгерткен. Алғашқыда құс фабрикасын жеммен қамтамасыз етуді қолға алып, кейін күріш өңдейтін күріш диірменін алды.

Өзін жаңа бағытта сынап көрген кәсіпкер біраз уақыттан кейін жиһаз өнеркәсібіндегі бастапқы қызметіне қайта оралуды ұйғарған. Осы жылдар ішінде кәсіпкер өзінің тұтынушы базасын қалыптастырып, өндірілген өнімге сұранысты арттырды.

Қазіргі таңда кәсіпорны аудан тұрғындарының сұранысын толық қанағаттандыра алады. Бүгінде кәсіпкер Қайрат Досымбеков тапсырыс бойынша ас үй мен жатын бөлме жиһаздарын және арнайы кеңселік шкафтар жасап шығаруда. Жеке тапсырыстардан бөлек, мемлекеттік мекемелер де кәсіпкердің қызметін пайдаланады.

Кәсіпкер өткен жылы кәсібін кеңейту мақсатында Қайрат Досымбеков 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша төмендетілген пайызбен несие алды. Алынған қаражатқа кәсіпкер құрал-жабдықтар, шикізат пен қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, өндірілетін өнімге тапсырыстар санын арттыруға мүмкіндік берді.

«Қазіргі күні жиһаз өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Дизайн жаңашылдығы үнемі дамып отыруды қажет етеді. Сондықтан сапалы шикізат сатып алуға тырысамын. Жалпы менің кәсібім мемлекет қолдауының арқасында дамып келеді. Бұл кәсібіме болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді», – дейді кәсіпкер.

мебель.jpg

Тағы да оқыңыз: