Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында жастар арасында облыстық айтыс өтті.

Бүгін Шиелі аудандық «Ішкі саясат бөлімі» КММ-нің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі тапсырысы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай аймақтық жастар арасында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры!» атты жастар арасында аймақтық айтыс өтті.

Ақындар айтысына аудандар мен облыс орталығынан 6 ақын қатысты. Аудандардың жүйріктері қатысқан айтыста ақындардың сөз тапқырлығына көрермендер риза болды. 

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, айтыстың бас жүлдесін Арал ауданының ақыны Бексұлтан Орынбасаров қанжығасына байлап, 150 мың теңге қаржылай сыйақы алды. Сонымен қатар Шиелі ауданының намысын қорғаған Шыңғыс Құдайберген жүлделі І орынды иеленіп, 100 мың теңгенің жүлдегері атанды. Шиелілік айтыскер ақын Ержігіт Бекжан мен Қармақшы ауданының ақыны Сырым Әділбек жүлделі ІІ орын мінберінен көрініп, ақындардың әрқайсысы 70 мың теңге қаржылай сыйға ие болды. Сонымен қатар қызылордалық ақын Бақдәулет Әбілдаев пен Шиелі ауданының айтыскер ақыны Айқын Төлеген ІІІ орынды қанжығаларына байлап, 50 мың теңгеге ие болды. 

Айтыс ұйымдастырушылары аймақты доданы өткізуге атсалысқан тіл жанашырлары Ержан Әмір, Кенжебай Жүсіп және Рахметулла Жолтаевқа алғыс білдірді. 

315530797_1443543752842746_3312449132042793228_n.jpg

Тағы да оқыңыз: