Kyzylorda-news.kz. Бүгін Шиелі ауданындағы Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде 3 қараша - Халқаралық мүгедектер күніне арналған «Кедергісіз орта - келешек кепілі» атты салтанатты кеш өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбеков қатысты. ып, мүмкіндігі шектеулі жандарға жүрек жарды лебізін білдірді. Содан соң бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Айтап атар болсақ, II-топ мүгедегі Елеусіз Сейпілов, I-топ мүгедегі Әбдібек Баймырзаев, II-топ мүгедегі Айна Елеуова және басқада бірқатар азаматтар марапатталды. 

Марапаттау рәсімінен кейін, шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары әннен шашу шашты.

Айта кетейік, ауданда биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың гигиеналық құралдарына республикалық бюджеттен 46 млн. 328 мың теңге, жергілікті бюджеттен 19 млн. 511 мың теңге қаралған. Бүгінгі күні әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 894 мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдарға өтінім қабылданып, республикалық бюджеттен 42 млн. 406,2 мың теңгеге, жергілікті бюджеттен 19 млн. 511 мың теңге төленіп, жеткізіліп берілген.

Сонымен қатар жүріп-тұруы қиын 61 мүгедектігі бар адам кресло-арбамен,61 азамат тифлоқұралдармен, 25 мүгедектігі бар адам сурдоқұралдарымен қамтамасыз етілді. Оған қоса, 379 мүгедектігі бар адамдар протезді ортопедиялық құралдарға өтінім беріп, 262-і протездік құралдармен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ 150 мүгедектігі бар адамдар санаторияға жолдамаға өтінім беріп, 49-ы порталда өздерінің таңдаған мерзімімен броньдалып, оның 101-і орындалды.   

317371174_1454146758449112_7257881460674585044_n.jpg
317509815_1454145855115869_4783596174255025464_n.jpg
317556354_1454145661782555_1362290786137802420_n (1).jpg

Тағы да оқыңыз: