Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков электрмен жабдықтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бүгінде Шиелі ауданында жалпы ұзындығы 883,3 шақырым электр желісі мен 609 қосалқы станция халыққа тұрақты қызмет көрсетуде.

Соңғы екі жылда электр желілерін жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 78 пайыздан 43 пайызға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Ағымдағы жылы облыстық бюджет есебінен Бидайкөл, Жиделіарық және Ә.Тәжібаев ауылдарында сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысына 57,6 млн теңге бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, нысандар пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Бәйгеқұм және Ш.Қодаманов ауылдарындағы 10/0,4 кВ электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңғыртуға 617,3 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аудан әкімі тұрғындарды сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

брифинг.jpg

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: