Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кезектен тыс өткен Президент сайлауында белсенділік танытқан азаматтар ҚР Президентінің, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл туралы Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ, жиында «Birge – Taza Qazaqstan» тазалық науқаны аясында аудан тазалығын сақтауға үлес қосқан азаматтарға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттары табысталды. Оған қоса, облыс әкімінің қолдауымен демалыс орындарына жолдама, су сорғысының сертификаты табысталды.  Сонымен қатар облыс әкімінің және облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың алғыс хатымен марапатталды.  

Жиынды ашып, жүргізген аудан әкімі Нұржан Ахатов кезектен тыс Президент сайлауында және жыл көлемінде Шиелі ауданында жүргізілген тазалық шараларында белсенділік танытқан азаматтарға алғысын білдірді. 

Айта кетейік, жиында «Birge – Taza Qazaqstan» тазалық науқанына атсалысқан екі азаматқа облыс әкімінің қолдауымен демалыс орындарына жолдама, Қоғалы ауылдық округіне су айдайтын насос қондырғысының сертификаты табысталды.

318944651_1458551401341981_2341859834725473621_n.jpg
319000647_1458552151341906_2237094995419015754_n.jpg
318976749_1458551234675331_7703459289840455459_n.jpg
318929981_1458551988008589_7933780618296925589_n.jpg
318945031_1458551338008654_5759379562983974023_n.jpg
318925600_1458551718008616_5494891449538269131_n.jpg
318904694_1458551794675275_2472448895635991730_n.jpg

Тағы да оқыңыз: