Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданының әкіміАйтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен бірге кездесіп, Шиелі кентіндегі абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан Ы.Жахаев және Дәулеткерей көшелерін аралап, орындалған жұмыстардың жай-күйімен танысты.
Көшелерде жаяу жүргіншілер жолдары салынған, көгалдандыру мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, сапалы әрі заманауи үлгіде қоршаулар орнатылуда. Заманауи үлгідегі сапалы қоршаулар көшенің көркін ашып, жаңа кейіпке ендіруде. Көшелерде орнатылған жарық қондырғылары ауданның көркін ашуда.
Аудан ардагерлері жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, тұрғындарға жайлы жағдай жасау жолындағы бұл игі істердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысына алғысын білдіріп, жұмыстың сапалы әрі жүйелі жүргізіле беруіне тілектестік танытты.
Аудан әкімі алдағы уақытта тұрғындардың игілігі үшін бірқатар игі жұмыстар жалғасын тауып, аудан экономикасын дамыту жолында жаңа жобалар жүзеге асырылатынын жеткізді.
Тұрғындар да ауданның игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.