Kyzylorda-news.kz  Наурызнаманың 10 күндігі аясында бекітілген,17 наурыз-"мәдениет және салт-дәстүр" күніне орай, Бала би ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақы салт-дәстүрімізді өскелең ұрпаққа дәріптеу, мұра етіп қалдыру мақсатында "Салт-дәстүрім, атадан қалған қазынам" атты шара өтті

Шарада, көнеден кележатқан дәстүрлеріміз жайлы оқушыларға кеңінен сөз қозғап, атадан қалған асыл мұрамызды, көздің қарашығындай қорғауға, санадан өшірмей, насихаттауға шақырды.

Әрбір ұлттың тарихи өткені мен мәдениеті – оның болашағына негіз қалаушы маңызды факторлар. Қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрі – ұлттың рухани байлығының негізі екені сөзсіз.

Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: