Kyzylorda-news.kz Кеше Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті.

Мәжілісте аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы жауапты салаларына қатысты баяндама жасап, алдағы жоспарлар мен шұғыл атқару қажет жұмыстарды атап өтті. Бұл туралы Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, аудан әкімінің орынбасары Бағлан Сағындықов ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларына қатысты, Алмат Алдабергенов қаржы, салықтық түсімдер, жыл аяғына дейін аяқталуы тиіс жобалар төңірегінде баяндады. Ал, аудан әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Каримов, мемлекеттік қызметкелердің жұмыс сапасы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар, жіберілген кемшіліктер төңірегінде баяндама жасады.

Өз кезегінде аудан әкімі орынбасарларына жауапты салалары бойынша жұмысты күшейту тапсырып, жіберілген кемшіліктерді нақты атап өтті және тез арада жұмыс жасауды тапсырды. Ал аппарат басшысына мемлекеттік қызметкелердің әдебін, жұмыс орнына уақытылы келіп, елмен тығыз қарым-қатынас орнатуын, әсіресе ауыл әкімдерінің өздері басшылық ететін ауылда тұруын қатаң бақылауды тапсырды.

Фото: Шиелі ауданы

Тағы да оқыңыз: