Kyzylorda-news.kz Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық кеңесінің төрағасы, әйелдер кеңесінің төрайымы және бөлім басшыларымен бірге ақжаулықты аналардың отбасыларына барып, мерекемен құттықтады.

Кездесулерде аудан әкімі денсаулық саласының ардагерлері 88 жастағы әже, 36 жылын осы салаға арнаған Зәуре Құрманбайқызын, 85 жастағы денсаулық саласының ардагері Зина Жұмаділдақызын, Шиелі ауданында 40 жылдан астам білім саласында қажырлы қызмет атқарған 85 жастағы кейуана Батихан Қалтайқызы, білім саласының ардагері 75 жастағы Райхан Қабылова, 35 жылдай білім саласында қызмет атқарған 84 жастағы ардагер Серіккүл Ақмолдаеваның және еңбек ардагері 89 жастағы Қанымкүл Төрешованың шаңырақтарына арнайы барып, сәлем беріп, құрмет көрсетті.

Аудан әкімі өз сөзінде «Қарттарымыз қазынамыз. Біз әрдайым сіздердің еткен еңбектеріңіз бен ел үшін жасаған қызметтеріңізді жадымыздан шығармаймыз. Сіздердің өмір жолдарыңызды әрдайым бүгінгі буынға өнеге етіп келеміз. Бүгінгі өздеріңіз арқылы барша ауданның ақжаулықты аналары мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаудамыз»,- деді. 

Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген ардагер аналар елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.

Аналарды құттықтау.jpg

Ақ жаулықты аналарды құттықтады.jpg

Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: