Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков ауданымыздағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, олардың жұмысын бақылады. Аудан әкімнің аралаған нысандарының ішінде «СВА Болашақ»дәрігерлік амбулаториясы , «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ерекше назарға алынды.

Алдымен аудан әкімі «СВА Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарының көріп,олардын сапалы,уақытында аяқталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.Аталмыш нысанда тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар аудан басшысы «Халыққа қызмет көрсету орталығының»  жаңа ғимаратының жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

Халыққа қызмет көрсету орталығы Мемлекеттік қызметтерді жедел әрі тиімді алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін маңызды орын болып табылады. 

Бұл әлеуметтік нысандар Шиелі ауданының дамуына, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға зор үлес қосады.

Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: