Kyzylorda-news.kz. Шетелден әкелінген көлікті Қазақстанда қалай тіркеуге болады? Бұл сұраққа ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Юрий Козлов жауап берді.

«Қазір шетелдік нөмірмен жүретін көліктерге қатысты шудың шығып жатқаны белгілі. Бәлкім, жалған ақпарат тараған болуы керек. Ешқайда шығудың қажеті жоқ. Көлігіңіз болса, қазір келіңіз де, тіркеңіз. Ол үшін Азаматтарға арналған үкіметке жүгініп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз. Көлікті тіркеу үшін техникалық құжат, көлік құралының паспорты, сатып алғаныңызды растайтын құжат пен баждың төленгенін растайтын түбіртек керек. Жаппай жазалау, айыппұл тұрағына тығу жоспарымызда жоқ», – деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы.

Юрий Козловтың айтуынша, шетелдік нөмірмен жүретін автокөлік иелеріне кеңес беру сипатында шаралар қабылдануда.

«Азаматтарға тиісті ақпараттық көмектер көрсетіледі. Ары қарай көлік иесінің өзіне байланысты», – деді ол.

Еске сала кетсек, кеше ІІМ қазақстандықтарды шетелдік есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырған болатын.

Тағы да оқыңыз: