Kyzylorda-news.kz Тұрмағамбет Ізтілеуовтің Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнама» дастанын қазақ тіліне аударғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шаһнама» және Тұрмағамбет – әлем әдебиетінің мәңгілік мұрасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушылары Қызылорда қаласының көрікті және тарихи-мәдени орындарына экскурсия жасады.
Экскурсия барысында шетелдік қонақтар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейін, Өнер орталығы мен Жыраулар үйін аралады. Олар Сыр өңірінің бай тарихымен, мәдени мұрасымен және жыраулық дәстүрімен танысты.

Айта кетейік, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өтуде.
Конференция бағдарламасы аясында Тұрмағамбет Ізтілеуовтің әдеби мұрасы мен «Шаһнама» дастанының әлем әдебиетіндегі орны жан-жақты талқыланатын пленарлық отырыс пен секциялық жұмыстармен жалғасады.

