Kyzylorda-news.kz. Қазақстан шет елдерде жүрген 5 мыңнан аса туристі елге қайтаруды көздеп отыр. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

“Барлығы шетелде жүрген 5 мыңнан аса қазақстандық туристі елге қайтару қажет. Әлем бойынша рейстер саны жаппай қысқарып жатқаны мәлім. Сондықтан оларды чартерлік рейстермен жеткізу шаралары қолға алынып жатыр. Мұның бәрі мемлекет есебінен емес”, деді вице премьер үкіметте өткен брифингте. 

Айтуынша, 23 наурызға дейін төрт мыңнан аса қазақстандық туристі елге әкелу үшін 18 рейс жоспарланған.

Тағы да оқыңыз: