Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда шетелде тіркелген оң рульді көліктерді заңдастыруға рұқсат етіледі. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген рулі оң жақта орналасқан автокөліктер бойынша бастапқы тіркеу мүмкіндігін беру ұсынылады. Бұл 20 мың жуық азаматқа өз көліктерін заңдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Сенаторлар азаматтардың банктік салықтық құпиясына қол жеткізу мәселелеріне қатысты уәкілетті органдарға негізсіз кен өкілеттіктер беретін жекелеген ережелерді алып тасталды. Жалпы заң қабылданғаннан кейін, халықтың әл-ауқатын жақсартуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мәулен Әшімбаев.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында 1 қыркүйекке дейін елімізге кірген шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу бойынша тапсырма берген. Олардың рәсімдеу құны 200-250 мың теңгеден аспауы тиіс деді.
Айта кету керек, уақытында тіркелмеген автокөліктерге айыппұл салынады.
Фото avtoexperts.ru