Азат ауылында шиеленіскен жағдай Шерзат Полаттың әкесін полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Orda.kz 

Бүгін Азат ауылында жасөспірім Нұрқанат Ғайыпбаевтың жерлеген соң Шерзаттың әкесі Каржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап етіп, өз-өзіне пышақ салмақшы болып қоқан-лоққы көрсетті. Ал оның жақын туыстары тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.

Полиция оны агрессивті әрекет еткендігі үшін ұстады. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

«Ол айналасындағы адамдарға қауіп төндіріп, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның әрекеті бейтарап болмады және өзі мен айналасындағыларға қауіп төндірді. Туыстары мен адвокаттарының сұрауы бойынша, оның өміріне және айналадағы адамдардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері минималды күш қолдана отырып оны ұстау шараларын қабылдады», – деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

Фото: Orda.kz 

Тағы да оқыңыз: