Kyzylorda-news.kz   Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот алдына тоғыз адам келеді. Сотталушылардың бірі - кәмелетке толмаған. Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас істі Жанұзақов Ержан Серікқазыұлы атты судья қарайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Хайруллинаның сөзінше, сотқа қатысушылардың басым көпшілігі қазақ тілінде сөйлейді. Сол себепті сот мемлекеттік тілде өтеді. Қажет болған жағдайда аудармашылар да алынады.

Залға 9 сотталушы әкелініп, олардың 9 қорғаушысы да келген. Журналистер Жоғарғы сот өкілінен “не себепті дәл осы жерде сот процесі өткізіліп жатыр?” деп сұрады.

“Себебі Шерзат Полаттың өлімі қылмыстық іс болғандықтан, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралу үстінде. Қылмыстық істерді әкімшілік немесе азаматтық істер жөніндегі соттар қарамайды, – деді Перизат Сәдуақас.

Оның сөзінше, полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 9 сотталушы осы Талдықорғандағы изоляторда ұсталып отыр.

Сондықтан сот осы жерде өткізіліп жатыр. 9 сотталушының біреуі кәмелетке толмаған.

“Егер сот қаулы шығарса, сот ашық болса, БАҚ өкілдерінен 16 жастағы баланы фото-видеоға түсірмеуді өтінеміз” дейді соттан.

Бұған дейін адвокат Шекеев 9 күдіктінің біреуі кәмелетке толмағанын нақтылаған еді. Оған Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша қылмыс туралы хабарламағаны үшін айып тағылған. 

Тағы да оқыңыз: