Kyzylorda-news.kz Шерзат Полаттың ісін белді заңгерлер қарастырмақ, деп хабарлайды Alash.kz.

Абзал Құспан мен Үнзила Шапақ іспен жіті танысып, қолға алатынын айтты

Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Әлеуметтік желілерде әртүрлі ақпараттардың таралуына байланысты, көп жағдайда тексерілмеген, эмоцияға толы жазбалар мен бейнеүндеулерге назар аударылуда. Осыған байланысты әріптесім, депутат, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақпен бірге орын алған оқиғаның мән-жайымен жете танысу үшін арнайы Алматы облысына бардық. Істің барысын зерделеу мақсатында Алматы облысы прокуроры Берік Абызбайұлымен, облыстың полиция департаментінің басшысы Мейрам Жұмкенұлымен жолықтық. Мен, заңгер ретінде, бұл ауыр жағдайларды құқықтық тұрғыда қарастырудың маңыздылығын атап өткім келеді. Мұндай істерде қоғам тарапынан жасалған қысым тергеу амалдарының объективті әрі жан-жақты жүргізілуіне кері әсерін тигізуі мүмкін», – деді ол.

Фото: ашық дереккөз

Тағы да оқыңыз: