Kyzylorda-news.kz  Шерзат Болаттың ісінде жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев марқұмның зиратына барып, соңғы парызын өтеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Anyqtime.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған видеодан Шерзаттың әкесі Қаржаубай, анасы мен апасын көруге болады. Заңгер марқұмның қабірі басында құран бағыштап, ата-анасымен бірге болған сәтін бөлісті.

Соңғы парызым – Шерзаттың басына барып, құран бағыштау еді. Әкесін алғаш көргенде жанары сөнген, үміттен айырылған адамды көрдім. Ол кісі: “Аға, Шерзаттың ісі сізге аманат”, – деп ауыр жүкті мойныма жүктеді. Аллаға шүкір, елдің қолдауымен сол аманатты орындап шықтық деп ойлаймын. Қаржаубайдың күлгенін көру – соның белгісі шығар, — деді адвокат.

Фото: POLITICO.KZ

Тағы да оқыңыз: