Kyzylorda-news.kz   Статистикаға көз жүгіртсек, елімізде шегіртке тектес зиянкестің 270-тен аса түрі бар екен. Соның ішінде 10-15 түрі астық пен техникалық дақылдардың, көкініс, бау-бақша егістерінің, мал жайылымдарының және шабындық жерлердің аса қауіпті зиянкестері болып есептеледі. Жалпы шегірткелер үйірлі және саяқ тектестерге бөлінеді. Соның ішінде үйірлі шегірткелер аса қауіпті зиянкес ретінде анықталған. Елімізде ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін жәндіктермен күрес жүйелі түрде жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, аса қауіпті саналатын зиянды организмдер тізбесіне енгізілген италияндық прус, азиялық және мароккалық шегірткелердің көбейіп кетпеуін жіті бақылауда ұстап отыруға тура келеді.

  Бүгін облыс бойынша шегірткелерге қарсы атқарылған жұмыстар сараланып, алда жасалатын жұмыстар біршама пысықталды. Сондай-ақ жаңадан алынған құрылғылар Қызылорда облыстық инспекциясында "Ерекше қауіпті шегіртке зиянкестері мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және химиялық өңдеу жұмыстарын атқаратын техниканың дайындығы жөніндегі штаб отырысында" таныстырылды. Оған облыс әкімінің  орынбасары Б.Жаханов, облыстық аумақтық инспекция басшысы М.Оразбаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының» республикалық мемлекеттік мекемесінің облыстық филиал директоры А.Айтбаев, «Фитосанитария»  республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облыстық филиалының директоры Ж.Дүзелбаева және БАҚ өкілдері қатысты.

824A9984.jpg824A9959.jpg824A9942.JPG

824A0008.JPG

Фитосанитариялық қауіпсіздік аграрлық саладағы өзекті мәселенің бірі саналады. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген өнімдердің экспортын ұлғайтуға, әсіресе елімізге жаңа нарықтың ашылуын одан әрі нығайтуды қажет ететініне Мұхтар Оразбаев тоқталып өтті.

–  Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер және карантиндік нысандарға қарсы барлығы 5048,4 мың гектар жерге зерттеу жүргізеді, оның ішінде ерекше қауіпті зиянкестеріне қарсы 2984,95 мың гектар, зиянды организмдерге қарсы 456,950 мың гектар, карантиндік нысандарға 66,500 гектар жерге, зиянды организмдердің таралып дамуына жүйелік бақылау жұмыстары 1540 мың гектар көлемде қамтылады, – деді М. Оразбаев.

  Айта кету керек, шегіртке мәселесі ешқашан көлеңкеде қалып көрмеген. Биыл да жыл басынан бері арнайы дайындық жүрген. Қазір де барлық қажетті шараларды қабылданып жатыр.

824A0005.JPG

Мониторинг жұмыстарын жүргізуге 33 маман, 14 зерттеуші және 27 автокөлік қатыстырылатын болады. Фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізетін әдістемелік орталық мамандарына қосымша көмек ретінде маусымдық жұмысқа ауылдық округтерден 129, шаруа қожалықтардан 145, барлығы облыс бойынша 274 зерттеуші маман алынды. Біздің облыста таралған карантиндік зиянкестер, олар – калифорниялық қалқанша сымыры мен қауын шыбыны, карантиндік арамшөп - кекіре мен сарышырмауық. Жатаған у кекіреге қарсы 4360 га жер зерттеліп, казіргі таңда 45 гектары залалданғаны анықталды. Республикалық бюджет есебінен жатаған у кекіреге қарсы 393 келі «Триумф супер, в.д.г.»  препараты келіп, химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар арамсояуға қарсы мониторингтік зерттеу жұмыстары басталып, 300 га жерге зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қауын шыбынына қарсы республикалық бюджеттен 1750 га жерге  262,5 л Тиаметрин препараты жеткізілді,  – деді инспекция басшысы.

824A9891.JPG824A9892.jpg824A9893.jpg824A9905.jpg824A9916.jpg824A9910.jpg824A9927.jpg

Мөлдір САБЫРЖАН,

Суреттердің авторы: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Тағы да оқыңыз: