ФОТО

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық саясаты алдағы кезеңде, ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өткен еді. Оның жаңа реформасында Қазақстан даму банкінің жұмыс форматын елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесетіндей қайта қарауды ұсынған болатын.

Қазақстан Республикасының «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз грантты иеленген адамдардың қатары көп. Солардың бірі Қазалы ауданының тұрғыны, көпбалалы әке Айбек Сүлейменұлы Нұрғазиев  2023 жылы кәсіппен айналысу мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, аяқтау туралы электрондық сертификатын алған. Комиссияның мақұлданған шешімі негізінде 2023 жылдың наурыз айында өзінің «Пеноизол» (үй жайларға шатырларға пеноизол құяды) туралы бизнес-идеясын іске асыру мақсатында 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант жеңімпазы атанған. Қазіргі уақытта, қосымша жұмыс орнын ашып, бір адамды тұрақты жұмысқа қабылдап, өзінің кәсібін дамыту мақсатында жұмыс жасауда.

Айта кетейік, Қызылорда облысындағы шағын және орта кәсіпкерлердің саны 37,5 пайызға ұлғайып, 72 685 бірлікке жеткен. Жалпы осы секторда жұмыспен қамтылғандардың саны 18 пайызға артыпты. Қазіргі таңда экономикадағы барлық жұмыспен қамтылғандардың шамамен 35 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді. Кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 4 орында. Биыл кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден шамамен 23 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Жарты жылда 2 мыңнан аса жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Облыс әкімі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімін қамтамасыз етуді және жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 21,5%-ға арттыруды тапсырды. Сонымен қатар жауапты басқарма орта бизнестің үлесін 9 пайызға жеткізу бағытында нақты жұмыстарды үйлестірілуі керек.

Айнұр ӘЛИ

Тағы да оқыңыз: