Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев аудандағы іргелі шаруашылық – «Шаған Жер» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесіп, шаруалардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Кездесуде аудан басшысы аудандағы ең үлкен ауыл – Шағандағы еңбекқор шаруалардың күріш егудегі тәжірибесі мол және ел қамбасына ақ күрішті құюдағы еңбектері ерекше екенін атап өтті. Дәл қазіргі уақытта күріштің бап-күтімін жасап жүрген диқандарға алтын күзде мерейлерінің тасуына тілектестігін жеткізді.
Серіктестіктегі атқарылып жатқан жұмыстарды шаруашылық директоры Жеңісбек Сыздықов айтты. Биыл серіктестік 3035 гектар алқапқа Сыр салысын еккен. Одан бөлек, 293 гектар бидай және 180 гектар жерге мақсары орналастырған. Сонымен қатар серіктестік жұмысының аясында жұмыстарды әртараптандыруға көңіл бөлінуде. Жуық арада макарон өнімдерін шығаратын цех жұмысын іске қосу жоспарланған. Жыл сайын ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында жаңа техникалар алынуда. Бұл сала жұмысын жеңілдетуге және уақытты үнемдеуге мүмкіндік жасауда. Осылайша, іргелі серіктестікте еңбек көрігі қызған.
Аудан әкімімен кездесуде шаруалар қазіргі таңда күрішке қажетті суды дер кезінде жеткізіліп тұрғанын айтты. Ел азаматтарының нәтижелі жұмысының арқасында су насостары алынып, мұның шаруашылық жұмысына үлкен қолдау болғнын жеткізді. Сондай-ақ егінге қатысты бірқатар ұсыныстарын атап көрсетті.
Аудан басшысы дала дүбірін еңбекпен көмкерген шаруалардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Серіктестіктегі егін науқанынына дайындық жұмыстары қызу жүруде. Осы ретте шаруалар үшін техникалық база аса маңызды болып саналады. Егінді төкпей-шашпай жинап, одан мол өнім алуда оның атқарар рөлі ерекше.
Ағымдағы жылы серіктестіктің базасы кеңейіп, жаңа техникалар алынды. Атап айтқанда, «Class Axion 820» маркалы – 6 трактор, «Zoomlion 1604» маркалы – 3 трактор, «Zoomlion 904» маркалы – 3 трактор, «Case 4099» маркалы – 1 комбайн, жаңа түрік соқасы, «Class Lexion 750» маркалы 2 комбайн, 3 лазерлік жоспарлаушы(лазерный планировщик), «Zoomlion 160» маркалы бульдозер – 1, экскаватор тиегіш(эксковатор погрузчик) – 1, телескоптық жүк тиегіш (погрузчик телескопический) – 1, дискілі тырма 4.5 метрлік (дисковая борона) – 1 және «MacDon» маркалы өздігінен жүріп шөп оратын машина(самоходная косилка) – 1 техникасы бар.
– Аудан басшысы Берік Сәрменбаевтың жұмыс сапары біздің шаруашылықта жалғасқанына қуаныштымыз. Негізінен, біздің шаруашылық сан саланы игеруге ұмтылыс үстінде. Аграрлық саланы игеру оңай емес. Жүйелі жұмысты үйлестіре білу – тікелей міндетіме кіреді. шдиқандардың артқан сенім үдесінен шығып, шаған ауылында өркендетуге өзіндік үлесімізді қосқымыз келеді. Халықтың қазынасын ел игілігі үшін жұмсай білгеніміз дұрыс. Қазіргі уақытта шаруашылық тарапынан макорон өнімдерін шығару үшін цехты лайықтандырып жатырмыз. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жергілікті өнімді шығара бастайды. Сыр салысын егудің өзіндік машақаты бар. шаруалар аяқ судан тарықпаса жұмыс өнімділігі арта түседі. Қазіргі уақытта қордаланған мәселелерді шешіп, жұмысшылардың жалақасын уақытылы беруге мүдделеміз. Бір жағынан ескерген техникаларды жаңалау кезең-кезеңімен жалғаын табатын болады, – деді шаруашылық директоры Жеңісбек Сыздықов.