Kyzylorda-news.kz Өткен жылы ауданға қарасты Шаған ауылының электр желісін жаңғырту жобасын іске асыру жұмыстары бастау алған болатын. Жоба 2024 жылға өтпелі түрде өтіп, биыл жұмыстар жалғасын тапты. Қазіргі таңда Шаған ауылының электр желісін жаңғырту жобасын толық аяқталуға жақын. 2023 жылы аудандық партия филиалы тарапынан жобаның іске асырылу барысын партиялық бақылауға ұдайы алу мақсатында партиялық бақылау бекеті орнатылған болатын. 

Аталмыш бекет жобаның іске асырылу барысына тұрақты түрде бақылау жұмыстарын жүргізіп келді. Осы орайда «Аманатә партиясының бақылау бекетінің мүшелері жобаның іске асырылу барысына партиялық бақылау жұмыстарын жасады. Іс-шараға бекет төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ә.Серікбаев қатысып, мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды уақытылы және сапалы орындауды тапсырды.

– Шаған ауылында ауқымды жоба жүзеге асуда. Электр желілері жаңартылып, тұрғындар қуанышында шек жоқ. Расында, тосын мінезінің салдарынан жарық жиі өшуі байқалатын. Өз кезегінде ауылымызда электр желісі толықтай жаңартылғаннан кейін жарық жиі өшпейтіне сенім мол. Өз кезегінде сала мамандарымен ортақ пікір алмасып, сапалы жұмыс жасау керектігін айтқан болатын, – аудандық мәслихат депутаты.   

Тағы да оқыңыз: