Kyzylorda-news.kz  Сырдария ауданы бойынша Шаған ауылдық округі Тереңөзек кентінен кейін халық саны бойынша ең үлкен елді мекен. Ауылда осы жылдың мамыр айындағы мәлімет бойынша 815 отбасында 4550 халық бар. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 1874 адамды құрайды. Ауылдық округте12 тыл ардагері, 399 зейнеткер, 138 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 97  «Алтын алқа», 109 «Күміс алқа» иегерлері  бар. Ауыл жастарының саны – 1260.

Ауылдық округте ауыл әкімінің аппараты, №37 мектеп-лицейі, әуез мектебі, спорт мектебі, 3 балабақша, ауылдық аурухана, мәдениет үйі, кітапхана, Қазпошта бөлімшесі, телефон байланысы, ветеринариялық пункті  мекемелері халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Ауылдық округте есепті кезеңнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және жүзеге асырылған жұмыстар туралы ауылдық округ әкімі Нұғман Смайлов әңгімелеп берді.

Білім  саласы бойынша 2023-2024 оқу жылында  білім беруді дамыту аясындағы 900 орындық №37 мектеп-лицейінде 167 мұғалім 973 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Мұғалімдердің 21-і зерттеуші, 62-і сарапшы, 52 модератор. Өткен жыл бойынша №37 мектеп-лицейінен шыққан 68 түлектен Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысқаны – 48. ҰБТ  қорытындысы бойынша  орташа көрсеткіш – 78 балды құрады. 2 оқушы мектепті «Алтын белгімен», 14 оқушы «Үздік аттестатпен» аяқтаған. Негізгі орта мектепті бітіргендігі туралы үздік аттестатқа – 15 оқушы ие болса, мектеп бітірушілердің жоғарғы оқу орындарының грант иегері атанғаны – 31. Мектеп-лицейде бастауыштың 1-4  сыныптың 217 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. «Жалпы білім беретін мектептердегі  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну» мемлекеттік стандарты көрсетілген қызмет стандарты негізінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының балалары, барлығы 233 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Жалпы 2024 жылдың қаңтар айынан бастап 450 оқушы  ыстық тамақпен қамтылды. Ағымдағы жылдың тамыз айында «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан материалдық көмек есебінен 275 балаға 40567 теңге берілді. «Мектепке жол» акциясы тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.   100 оқушыға демеушілік есебінен оқу құралдары берілген.

Шаған  ауылдық  өнер мектебінде 20  қызметкер жұмыс  атқарады. Оның ішінде 14 жоғары білімді мұғалім, 2 арнаулы орта білімді мұғалім,  3 қызметкер жұмыс жасайды. Өнер мектебінде 6 үйірме  жұмыс жасайды. Домбыра, баян, қобыз, шертер, би, терме бойынша  – 138 оқушы, Ақжарма ауылдық филиалында  41 оқушы, барлығы  179  оқушы дәріс  алуда. Мектеп оқушылары әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Шаған ауылдық №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 33 қызметкер жұмыс жасайды. 10 жаттықтырушы 15 топта 855 оқушының спортпен шұғылдануын қамтамасыз етуде. Шаған ауылы бойынша оқушылар саны –410. Шаған, Ақжарма, Нағи, Шіркейлі, Бесарық, Қоғалыкөл ауылдары бойынша бокс, қазақша күрес, еркін күрес, дзюдо, белбеу күрес, футбол, волейбол, шахмат, таеквондо, үстел теннисі спорт түрлері бойынша жұмыс жасайды. Спорттық мектепте түрлі облыстық, аудандық деңгейдегі турнирлер, жарыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады.

Мектепке дейінгі тәрбие беретін №14 «Алтын сақа-Шаған» бөбекжай-балабақшасында 4 топта 90 бала тәрбиеленуде. Қызметкерлер саны – 40, оның 17-ы педагог-мамандар, 23-і техникалық қызметкерлер. Жоғарғы білімді – 15, орта арнаулы – 2. Педагог-мамандардың санаттары бойынша   педагог-модератор – 13. Бала бақша тәрбиешісі Самал Сейдалиева «Барлығына рақмет» республикалық челленджіне қатысып, Алғыс хат алды. «Әжем, анам және мен» республикалық байқаудың аудандық кезеңінен 2 орынмен Айсұлу Сундетбаева марапатталды.

Өткен жылы бала бақшаның материалдық-техникалық базасы толықтырылды. Кілемдер жаңартылып, төсек орын ауыстырылды. Ойыншықтар алынды. Бала бақшада «Қарлығаш», «Балдәурен» ересек топтары, «Балақай» кіші тобы және «Жұлдыз» ортаңғы  топтарында мектепке дейінгі балалар тәрбиеленуде.

«Балбөбек» бөбекжай бала бақшасы сыйымдылығы 75 орын. Бүгінгі күнге  бала бақшадағы үш топта 70 бүлдіршін тәрбиеленуде. Олар үшін арнайы жабдықталған жатын бөлмелері, асханасы, ойын алаңдары, медициналық кабинет бар. Түрлі техникалық құралдар, теледидар, музыкалық орталық бүлдіршіндер үшін жұмыс жасайды. Қызметкерлер саны – 29, оның 11-ы  педагог-мамандар, 18-і техникалық қызметкерлер.  Педагог-мамандардың санаттары бойынша үшінші санатты басшы – 1, педагог-сарапшы – 1, педагог-модератор – 6.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ел болашағы бүлдіршіндерді тәрбиелеу жұмыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Үздік мекеме» номинациясымен марапатталды.

«НұрАйСая» жеке балабақшасында 50 бала мектепке дейінгі тәрбиемен тәрбиеленуде. Бала бақшада 7 педагог қызметкер, 11 техникалық қызметкер жұмыс атқарады. Жеке бала бақшада отбасылардың әлеуметтік жағдайларына байланысты 8 балаға – 100%, 12 балаға – 50%, 8 балаға – 20% жеңілдіктер қарастырылған. Бала бақшада «Құлыншақ», «Балапан» топтарында мектепке дейінгі балалар тәрбиеленуде.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Халыққа медициналық қызмет көрсететін ауылдық ауруханада науқастарға арналған  25 күндізгі  ем алатын төсек орны бар.

Халыққа мәдени қызмет көрсететін ауылдық мәдениет үйінде барлығы 11 адам жұмыс жасайды. 5 мәдени қызметкер, 6 техникалық қызметкерлер жұмыс атқарады.  2024 жылға ақылы қызмет жоспары – 1 млн теңге болып бекітілген. Бес айдағы ақылы қызметтің орындалуы 100 пайыз. Ауылдық мәдениет үйі жанында – 5 үйірме, 2 халықтық ұжым жұмыс жасайды. Үйірме мүшелері халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқауларға қатысып,   жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Шаған ауылдық модульдік кітапханасында 26 154 дана кітап қоры және          12 орындық оқу залы бар. Берілген кітап саны – 8388 дана. Келушілер саны -5131.

2024  жылға бюджеттен 174327,8 мың теңге қаржы бөлініп 5 айдың қортындысы бойынша 72287,5  мың теңге қаржы игерілді. Қаржы 100% орындалды. Оның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бойынша 22606,7 мың теңге. Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 7956,3 мың теңге, жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау бойынша 32418,0 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бойынша 1200,0 мың теңге. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша 400,0 мың теңге, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бойынша 4792,8 мың теңге. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың күрделі шығыстары бойынша 2913,5 мың теңге.

Кәсіпкерлік саласы бойынша елді мекенде 225 кәсіпкерлік субъектісі бар, шаруа қожалығы – 32, заңды тұлға – 11. Жалпы белсенді халық санындағы кәсіпкерлердің үлесі 13,5 % пайызды құрайды.

«Кең дала» бағдарламасы аясында егін шаруашылығын дамытуға несие алған шаруашылық құрылымы «Сырдария-1» кредиттік серіктестігі арқылы Шералы Оспанов 5 млн теңге несие алды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы  және «ТехноЛизинг» АҚ-ы арқылы «Шаған жер» ЖШС- гі 28 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларын алды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант бойынша 6 азамат бизнес-идеяларын портал арқылы тіркеуде.

Жастарға арналған 2,5% несие «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ-ы 14 жас жобаларын ұсынуда.

Ауылдың экономикалық мамандануының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Шаған ауылдық округінде 32 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Есепті кезеңде егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың өнім көрсетікштері жоғарылауда.  Мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша 2024 жылдың І жартыжылдығына ауылдық округ бойынша 2750 бас мүйізді ірі қара,  уақ мал – 1571, 1686 бас жылқы, 29 бас түйе және 929  құс тіркелді. Есепті кезеңге ауылдық округ бойынша 3 гектар қосымша жер ашылған. Картоп, көкөніс, бақша дақылдарын ұжымдық түрде егу үшін Қожабек алма бағы, Қызылқұм жер учаскелері дайындалды.

Ауыл округіндегі ауыз су құбыры «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арал» республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы теңгерімінде. Ауыл ауызсумен 100 пайыз қамтылған.

Елді мекеннің санитариялық тазалық жұмыстары және көркейту көгалдандыру бойынша ауылдың ішкі аяқсу лотоктары мен көшелері толығымен тазаланып, ауыл ішілік көшелердегі талдарды кесіп, өңдеп әктеу жұмыстары жүргізілген. Елді мекенде көше тазалығы күнделікті жүргізіліп отырады. Елді мекендегі көшелерге орнатылған аншлагтарға, орталық көшелерде орналасқан электр бағаналарына сырлау жұмыстары жасалды.

Ауылда тұрақты түрде қайырымдылық акциялары және мерекелік іс-шаралар дәстүрлі түрде аталып өтеді. «Шаған Жер» ЖШС ауыл көлеміндегі мекемелер, жеке кәсіпкерлер және ауылдық жамағат үйінің демеушілігімен қазіргі уақытқа дейін 175 отбасына азық-түлік, киім-кешек, мектеп құрал-жабдықтары бойынша және қаржылай   негізінде көмектер көрсетілген.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталған ауыл әкімі биылғы жылы ауылішілік 12 көшеге Е.Адаев, Аябек, Ә.Тұйғынов, Ә.Омаров, Ә.Қосқанов, Қ.Мыханова, Т.Мұхамеджанов тұйығы, Ж.Бекпанов тұйығы, Т.Әлжанов, Р.Оразғалиев, Ғ.Мұратбаев, А.Иманов тұйығы көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжат дайындалғанын айтты. Сонымен қатар ауылдық округ бойынша  электр желілерін және трансформаторларын ауыстыруға жобалық сметалық құжаттар әзірленген. Аталған жұмыстар бүгінге күнге 90 пайыз орындалған.

Елді мекенді газдандыру жұмыстарын жүргізуге аудандық ЖКХ бөлімі арқылы жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Ауыл көшелерінің аяқ су жүргізілетін арықтарының – лотоктарын жаңарту жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланған. Бірінші кезекті Есет би көшесі, Бекпанов көшесі, Т.Мұхамеджанов тұйығы,  А.Иманов тұйығы көшелеріне жобалық-сметалық құжат әзірленген.

А.Атақаев көшесі  мен Самара-Шымкент трассасының бойына жаяу жүргінші жолын салуға және А.Атақаев көшесінің ұзындығы - 1300 метрге лотоктарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, алдағы уақытта жобаға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының салық базасына тіркелуіне, салық түсімінің ұлғаюын қамтамасыз ету де назардан тыс қалмайды.

Айта кету керек, ауылдың 2014 жылы мектеп бітірген түлектері Есет би көшесінің бойына 160 метр жерге жасыл желек орналастыру жұмыстары бойынша 150 тал егіп, қоршау жұмыстарын жүргізген. Ал мектептің 2004 жылғы түлектері туған жеріне «Сүйікті ауылым – Шаған» атты жазуы бар жарық шамдары орнатылған тақтайша орнатты.

Тағы да оқыңыз: