Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Сырдария ауданындағы Шаған ауылдық округінде 824 отбасында 4545 халық бар. Оның ішінде: экономикалық белсенді халық саны 1939 адамды құрайды. Ауылдық округте 12 тыл ардагері, 404 зейнеткер, 140 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 94  «Алтын алқа», 104 «Күміс алқа» иегерлері  бар. Жастар саны – 1260.

Ауылдық округте ауыл әкімінің аппараты, мектеп-лицейі, әуез мектебі, спорт мектебі, 3 балабақша, ауылдық аурухана, мәдениет үйі, кітапхана, Қазпошта бөлімшесі, телефон байланысы, ветеринариялық пункті  мекемелері халыққа қызмет көрсетіп келеді. 

 Ауылдық округте есепті кезеңнің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне және жүзеге асырылған жұмыстарына  тоқталып өтсем, – дейді ауылдық округ әкімі Нұғман Смайлов. 

2023  жылға бюджеттен 125608,2 мың теңге қаржы бөлініп 4 айдың қортындысы бойынша 50157,7  мың теңге қаржы игерілді. Қаржы 100 пайыз орындалды. Оның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бойынша 17375,2  мың теңге. Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 5075,3 мың теңге, жергілікті деңгейдемәдени-демалыс жұмыстарын қолдау бойынша 20784,0 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді  жарықтандыру бойынша 1472,8 мың теңге, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша 500,0 мың теңге. Пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару бойынша 0,2 мың теңге.

Жыл басынан бері ауыл әкімінің 19-шешімі, 60-өкімі қабылданды. Жеке тұлғалардан 8 өтініш түсіп,  барлық өтініш иелеріне  ҚР Заңнамасына сәйкес өз уақытында жауап берілді. Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру бағытында қызметкерлерге 5 құқықтық оқытулар жүргізілді. 6 қызмет алушыға жер алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді, – дейді ауылдық округ әкімі.

Шаған ауылдық округі әкімінің мәліметінше салықтық түсімдер бойынша 2023 жылға  жылдық жоспар 6 млн 267,0 мың теңге болып бекітілген. Нақты түсімдер бойынша ауылдық округтің жеке және заңды тұлғалардан алынатын міндетті төлемдеріне сәйкес мүлік және жер  салығы  – 27906,0  теңге, бірыңғай жер салығы – 70 006,00 теңге, жеке тұлғалардың көлік құралдарының салығы – 6 млн 597 мың теңге көлемінде бюджетке түсім  түсірілген. Бұл күнге табыс салығы бойынша – 148,9 мың теңге түсім орындалып,  барлығы – 6 млн 888 мың теңге бюджетке түсірілген.

Ауыл бойынша 2023 жылға 20 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке құжат өткізген, 18 отбасыға – 104 адамға атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалған. Осы күні тұрақты жұмысқа орналасқандар саны – 31 адам. Қоғамдық ақылы жұмысқа қабылданғандар саны – 57,  "Күміс жас" жобасымен 4 азамат жұмысқа жіберілген. Әлеуметтік жұмыс орнына – 15 азамат, жастар тәжірибесіне – 2 маман жіберілген. Жеке сектор бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны – 2. Алғашқы жұмыс орны жобасы бойынша–бір адам жұмысқа жіберілген.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Шағанда жыл басынан бері "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы" аясында  жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант екі азаматқа тағайындалған.

Сонымен қатар «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында «Өңірлік инвестиция» орталығынан Жәнібек Жаңаш 6,0  млн.теңге көлемінде жылқы басын көбейту бағыты бойынша несиелендірілді. Осы бағдарламамен Білісбек Айранқұзов 3,0  млн.теңге көлемінде мүйізді ірі қара басын көбейту бағыты бойынша несие алып, кәсібін жандандыруда.

«Аграрлық несие корпарациясы» АҚ-ы арқылы Нұргүл Жакипова 8,0  млн.теңге көлемінде жылқы басын көбейту бағыты бойынша, Жеңіс Шүкіров – 4,89  млн.теңге көлемінде мүйізді ірі қара мал басын көбейту бағыты бойынша несиелендірілді. Тағы бір тұрғын Тыныштық Шүкіров 3  млн.теңге көлемінде мүйізді ірі қара малын көбейту бағыты бойынша жеңілдетілген пайызбен несие алып, өз кәсібін жүргізуде.
Бүгінгі таңда Әскери қызметке шақыру бойынша 2023 жылдың көктемгі мезгіліне әскери қызметке жалпы зерделенгені – 86.  Оның ішінде студенттер саны – 43. Ауылда жалтарып жүргендер жоқ. Әскери қызметке жолданғаны 3  азамат болса, жалпы 11 азамат  Отан алдындағы әскери борышын атқаруда. Ақылы әскери-техникалық мектепте 1 азамат оқиды.

Шаған ауылының экономикалық мамандануының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Шаған ауылдық округінде 27 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Есепті кезеңде егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың өнім көрсетікштері жоғарылауда. 

Мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша 2023 жылдың 01  қаңтарына ауылдық округ бойынша- 2860 бас мүйізді ірі қара,  уақ мал-1754, 1104 бас жылқы, 59 бас түйе, 6 бас шошқа және 917  құс тіркелген. Тұрғындарды аяқ сумен қамту мақсатында Насос СНП 500/10 сатылып алынған, бұл насос 50 тұрғын үйді аяқ сумен қамтамасыз етуге жарамды.

 Ауыл округіндегі ауыз су құбыры «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Арал» республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалы теңгерімінде. Ауылымыз ауызсумен 100 пайыз қамтылған.
Елді мекеннің санитариялық тазалық жұмыстары және көркейту көгалдандыру бойынша ауылдың ішкі аяқсу латоктары мен көшелері толығымен тазаланып, ауыл ішілік көшелердегі талдарды кесіп, өңдеп әктеу жұмыстары жасалды. Елді мекенде көше тазалығы күнделікті жүргізіліп отырады. Елді мекендегі көшелерге орнатылған аншлагтарға, орталық көшелерде орналасқан электр бағаналарына сырлау жұмыстары жасалды. Бүгінге ауылдық округте санитарлық-тазалық, көркейту-көгалдандыру тазалық жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы 57 адам қоғамдық жұмыспен тазалық жұмыстарын атқаруды. Ауылдық округке 2023 жылға санитариялық тазылық жұмыстарына 850,0 мың қаржы бөлінген. Қазіргі таңда ЖК «Асылым»мен келісім шарт жасалған. Абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 3214,0 мың теңге көлемінде қаржы қаралған, – дейді ауылдық округ әкімі.

Ауылда тұрақты түрде қайырымдылық акциялары және мерекелік іс-шаралар дәстүрлі түрде аталып өтіледі. «Шаған Жер» ЖШС, ауыл көлеміндегі мекемелер, жеке кәсіпкерлер және ауылдық жамағат үйінің демеушілігімен қазіргі уақытқа дейін 121 отбасына  азық-түлік, киім-кешек, мектеп құрал-жабдықтары бойынша және қаржылай   негізінде көмек көрсетіліп келген.  

Халық саны бойынша ең көп ауылдық округте қоғамдастық кеңес,  ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесі бірлескен жиналыстар өтеді. Жиындарда ауылдың хал-ахуалы бойынша түрлі тақырыптарды талқылап, өзекті мәселелер бойынша тұрақты түрде мәжіліс отырысын  өткізіп   отырады.  Жыл басынан бері  қоғамдастық  кеңес отырысы өткізіліп,  6 мәселе қаралған және әйелдер кеңесінің төрайымы П.Мұхамеджанова отбасындағы әйел адамның орны, жауапкершілігі туралы 2 отырыс өткізілген. 

Ауылдық округ бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталатын болсақ, ауылішілік 12 көшеге Е.Адаев, Аябек, Ә.Тұйғынов, Ә.Омаров, Ә.Қосқанов, Қ.Мыханова, Т.Мұхамеджанов тұйығы, Ж.Бекпанов тұйығы, Т.Әлжанов, Р.Оразғалиев, Ғ.Мұратбаев, А.Иманов тұйығы көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжат дайындалған. Орындалу мерзімі – 2023 жыл. Қаралған қаржы – 1 357 571 теңге. 

Сондай-ақ ауылдық округ бойынша электр желілерін және трансформаторларын ауыстыруға жобалық сметалық құжаттар әзірленген. Аталған жұмыстар жүргізілген уақытта жарықтандыру жұмыстары қосымша атқарылатын болады. Қаржысы – 1 134 ,223 теңге.
Ауылдық округтегі ең басты мәселе – газдандыру. Елді мекенді газдандыру жұмыстарын жүргізуге аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Мерзімі – 2023 жыл. Қаржысы – 2 643 842,6 теңге.

Биылғы жылы ауыл көшелерінің аяқ су жүргізілетін арықтарының – лотоктарын жаңарту жұмыстарын ұйымдастыру. Бірінші кезекті Есет би көшесі, Бекпанов көшесі,Т.Мұхамеджанов тұйығы, А.Иманов тұйығы көшелеріне жобалық-сметалық құжаты әзірленген. Мерзімі – 2023 жыл. Қаржысы – 65396,427 теңге.

Ауылдық округтегі орталық алаңға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 96 657,068 теңге қаржы қаралған.

Сонымен қатар А.Атақаев көшесіне орталық жөндеу жұмыстарын жүргізуге,  А.Атақаев көшесі  мен Самара-Шымкент трассасының бойына жаяу жүргінші жолын салуға және А.Атақаев көшесінің  ұзындығы – 1300 метрге лотоктарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, алдағы уақытта жобаға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады. Аталған аймақтарды қалпына келтіру жобасына ЖСҚ мерзімі – 2023 жыл. Қаржысы – 95 542,264 теңге.

Ағымдағы жылда жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында "Шаған Жер" ЖШС –гімен  15 түрлі макарон өнімдерін өндірумен айналысатын цех ашылатын болады. Елді мекенге кіре беріс жолының оң жақ беткейіне жасыл желек орналастыру  жұмыстарының сметалық құжаттары жасалған, алдағы уақытта жұмыстар атқарылады. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жұмыссыздық деңгейін төмендету және кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының салық базасына тіркелуіне, салық түсімінің ұлғаюын қамтамасыз етілмекші.

Елді мекендегі 5 көшеге А.Құнанбаев, А.Иманов, А.Иманов тұйығы, Р.Оразғалиев, Ғ.Мұратбаев көшелерінің ауыз су құбырлары ауыстырылады. Аталған жұмыстарды «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы арқылы жүргізіледі.
Атақаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындалған. Жөндеуге 54 455, 565 теңге облыстық бюджеттен қаралған. Аталған жұмыстарды жүргізуді конкурстан мердігер  «Тех Сервис» ЖШС ұтып, жөндеу жұмыстары енді басталатын боладыды.
 

Тағы да оқыңыз: