Kyzylorda-news.kz. Қызылорда калалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысында 20 маусым күні өтетін қалалық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын-ала талқыланды.
Қалалық мәслихат депутаттары, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
- Қала көлеміндегі салынған ойын алаңдарын жарықтандыру, себебі түнгі жарық болмағандықтан, балалардың кешкі мезгілде ойнауына кедергілер келтіруде. Ойын алаңдарын сындыру немесе бөлшектерін ұрлау орын алуда;
- Ауыз су сапасын арттыру мақсатында қаражат бөлінуде, алайда су сапасының артуы төмен;
- Қала бойынша аялдамалардың қоғамдық көліктер, автобустардың тоқтауына ыңғайлы (карман) болуын қамтамасыз ету;
- Биылғы жылы Тасбөгет кенті бойынша 6 көшеге жасалған жоба-сметалық құжаттарының мерзімі аяқталады. Осыған байланысты аталған жобаларды биыл қаржыландырылуын қамтамасыз ету;
- ПМК-29 саяжайы жолдарын жөндеуден өткізу, тазалығын қамтамасыз ету, маршруттық көліктердің жүруіне қолайлы жағдайлар жасау;
- Яссауи көшесі бойындағы көгалдандыру жұмыстарын бақылауға алу;
- Қалалық қоғамдық көліктерде мүгедектігі бар балаларға жеңілдіктер қарастыру;
- Жер комиссиясының құрамына белгілі бір тұлғаларды енгізуде заңдылықты қамтамасыз ету;
- Қала және елді-мекен көшелеріне атау беруде нағыз лайықты тұлғаларға көше атауларын беруді назарда ұстау;
- Қаланың Шанхай, Гагарин аумақтарындағы Б.Момышұлы, И.Тайманов, М.Дулатов, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Кеңесары, Марал ишан және т.б. сынды тарихи тұлғалардың есіміне берілген көшелерді абаттандыру, тарихи тұлғалардың есімдеріне лайықты болуын назарда ұстау.
- Қала көшелерінде жағдайы жақсы көшелерге қаражат бағыттай бермей, қаланың басқа аумағындағы жағдайы төмен көшелерді жөндеуден өткізу;
- Есетов көшесін жөндеуден өткізу;
Комиссия отырысына қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасары, тиісті дербес бөлім басшылары қатысты. Отырысқа бюджеттік комиссия төрағасы Е.Нұртазаев төрағалық етті.