Kyzylorda-news.kz.Бесарық ауылында игілікті іс жалғасын тапты. Жақында «Абай Дәулет» ЖШС-нің директоры Мұрат Сарсенбаевтың демеушілігімен қайырымдылық жасалды. Өз кезегінде ауыл тұрғыны Үміт Көлдееваға тұрғын үйінің апатты жағдайда болуына байланысты жаңа баспана салып берді.
Негізінен, «Абай Дәулет» ЖШС-і қайырымдылық акцияларын жиі ұйымдастырып тұрады. Қазіргі уақытта Бесарық ауылының әлеуетін жақсартуға барлық мүмкіндік қарастырылған. Ақ жаулықты ананың тілегі қабыл болып, жаңа үйдің кілтін алды. Күнделікті уайымның жетігінде жүрген асыл жаңа үйде бақытты күндерін өткізетін болады. Елдің ынтымағын, ауызбіршілігін көрсеткен ауылдағы ағайын шаруашылық жұмысын жоғары бағалайды. Ырзық-несібесін жерден терген диқан қауымның биылғы жылдан күтетін үміті зор.
– Қай кезде де, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ұлттың ұрпағымыз. Біз қашанда тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын жасауға барымызды саламыз. Мәселен, Үміт апайдың жағдайын жіті зерделеп, жаңадан үй салуды қолға алдық. Негізінен, пейілі таза, үнемі тілеулес ананың ағадал алғысын алғанымыз қуаныштымыз. Өз кезегінде мұндай игілікті істер жалғасын табатын болады, – деді «Абай Дәулет» ЖШС-нің директоры Мұрат Сарсенбаев.
Бұл ретте, Үміт Көлдеева шаруашылық басшыларына аналық аналық жеткізді.
– Ел алығысын арқалап жүрген Мұрат Сәрсенбаев қайырымдылық көмек көрсеткеніне дән ризамын. Шаруашылық жұмысын гүлдентіп, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Республика, облыс көлемінде үздіктер қатарынан көрінген жанның кәсібіне береке берсін демекпіз, – деді ардақты ана.