Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында спорттық және әуесқой балық аулаушылар қоғамының құрылғанына 4 жылдан асты.

2017 жылы негізі қаланған қоғамның – аймақтағы спорттық және әуесқой балық аулауды дамыту және оны көпшілікке тарату.

Біршама уақыттан бері жұмыс жасап келе жатқан әуесқойлар ұйымының да өз мәселесі бар.

«Облыс аумағында балық шаруашылығында маңызы бар Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызы бар 196 су айдыны бар. Өңірдегі спорттық және әуесқой балық аулауды насихаттау және дамыту үшін облыс орталығынан белгілі бір су айдынын анықтау керек. Бұл осы уақыттағы заман талабы. Әуесқой балықшылар демалыс кезіндегі бос уақытты әр көлді жағалап, олардың егерлерінен рұқсат сұрап өткізіп жүрміз», – дейді «Қызылорда Fish» облыс бойынша спорттық және әуесқой балық аулаушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Жұбаназаров.

Бірлестік төрағасы Сырдария өзенінде су тапшылығы орын алған 2 жыл уақыттан бері, балық аулайтын орындар болмай қалғанын жеткізді. Ол балық аулау ісін хоббиге айналдырған жандарға арнайы су айдыны бекітілсе, балық аулаудың түрлері бойынша жарыстар, әртүрлі көпшілік шаралар ұйымдастыруға болатынын айтты.

Тағы да оқыңыз: