Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясының Арал аудандық филиалында ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау бойынша партиялық актив өтті.
Партактивке аудандық мәслихат депутаттары, партия мүшелері, жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты.
Жиынды аудандық филиал төрағасы Серік Сермағамбетов ашып, жүргізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жариялады. Жолдау еліміздегі саяси жаңғыру процестерінің әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен жалғасқанын айғақтайды. Қоғамның барлық саласы қамтылған Жолдау – Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолындағы түбегейлі және жан-жақты реформалардың жалғасы», -деді өз сөзінде Төраға.
Сондай-ақ, Серік Сағитжанұлы ел мүддесі үшін еңбек етуде партияластар қалыс қалмауы керектігін айта отырып, Жолдау жүктеген міндеттерді саралап, елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік үшін жұмыла әрекет етуге шақырды.
Сонымен қатар, актив барысында әр сала бойынша партиялық комиссиясының төрағасы Аманкелді Бөлекбаев, аудандық партия активінің беделді мүшесі Сәуле Ембергенова және «Жастар Рухы» ЖҚ Арал ауданы бойынша жетекшісі Ержан Сабырбайұлы сөз сөйледі.