Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары өтті.

Айта кетейік, аудан көлемінде өткен сенбілік жұмыстары барысында көшелер мен саябақтар, арықтар тазаланды. Одан бөлек көше бойындағы арам шөптер оталып, қоқыс қалдықтары арнайы орындарға шығарылды.

Сенбілік жұмыстарына аудан орталығынан бөлек барлық ауылдық округтердің тұрғындары да қатысып, белсенділік танытты.

Фото: Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: