Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағын тазарту және абаттандыру мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары барысында көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді. Жиналған қоқыстар арнайы техникалармен аудан сыртына шығарылды.
Аудан әкімі Жандос Еркінбек сенбілікке қатысып, тазалық шараларының ұйымдастырылуын бақылап, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылып, аудан аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.
Фото: freepik.com