Арал ауданы бойынша тазалық жұмыстары жиі жүргізіліп келеді. Айналаның шашылмауы, көзге көрінетін аймақтардың қоқыстан таза болуы үшін сенбілік жұмыстары бүгін де қарқынды жүргізілді.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қолға алынып келе жатқан тазалық жұмыстарына бұл жолы да барлық мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары үлес қосып, өз аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мұнан бөлек түрлі аумаққа белгіленген сектор бойынша тазалық жұмыстары қарқын алып, қаланың әр бөлігі қоқыстан тазаланып, жол жиегін құмнан тазалау, әкетеу және сырлау жұмыстары жүргізілді.
Туған өлке, қошаған ортаға деген жанашырлықтың үлгісін танытып, тазалық жұмыстарында белсенді болу үлкен маңызға ие. Себебі үздіксіз жүргізілген тазалықтың арқасында қаламыз таза әрі көрікті мекенге айналып келеді.